Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты тәрбие сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің маңыздылығын түсіндіру, патриоттық сезімдерін ояту және еліміздің тарихына құрметпен қарауды насихаттау.