Бүгін, Ұлттық құндылықтар күніне орай, Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының кітапханасында "Тіл – татулық тірегі" атты ерекше кездесу өтуде. Шара Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналып отыр.
Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оның мәртебесі мен маңызын арттыру, сондай-ақ қазақ тілін үйренуге қызығушылықты көтеру. Ұлтжандылықты оятып, жас ұрпақты ана тілін, Отанын, тарихы мен мәдениетін сүюге, дәстүрлерді құрметтеуге баулу маңызды міндет ретінде қойылған.
Шараға арнайы қонақтар ретінде Сәкен Сейфуллин музейінің ғылыми қызметкері Азамат Серікұлы, ардагер ұстаз Асылгүл Рақымжанқызы Әбіш, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімшілігінің әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Аяулым Канатовна қатысуда.
Бұл кездесу қазақ тілін дәріптеудің және ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызды қадамы болмақ.
Толығырақ...