Бүгін, Ұлттық валюта – теңге күніне орай, Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияда сынып сағаттары өткізілуде. Бұл іс-шаралар барысында оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихы мен оның мемлекетіміз үшін маңызы туралы түсінік беріліп, экономикалық сауаттылыққа қатысты маңызды мәліметтер жеткізіледі. Сабақтардың мақсаты – жас ұрпақты елінің құндылықтарын бағалауға, теңгеге құрметпен қарауға және олардың бойында экономикалық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету. Бүгінгі мереке – еліміздің экономикалық дербестігі мен ұлттық мақтанышымыздың белгісі ретінде аталып өтілуде.
Толығырақ