Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылы 23-30 қазан аралығында орта білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестік жетекшілері арасында ұйымдастырған «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» атты қалалық байқауында С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Ибраева Айнур Спандияровна 2 дәрежелі ДИПЛОМ иегері атанып, бағалы сыйлыққа ие болды. Әріптесімізді жүлделі жетістігімен құттықтаймыз!