2023 жылғы 26 мамырда «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау мектеп жасағының құрамына қабылданған оқушыларды ұлықтау, оларға қызметтік куәлік пен төсбелгіні салтанатты табыстау рәсімі өтті. Мектеп директоры Г.С. Жарменованың 2023 жылғы 12 қаңтардағы №17 бұйрығымен «Жас сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау мектеп жасағы құрылып, оның Ережесі бекітілді. Жас сақшылардың басты міндеті: белсенді азаматтық ұстанымды, жоғары адамгершілік қасиеттерді және рухани мәдениетті тәрбиелеу; Мектеп ережелері мен Мектеп жарғысының бұзылуына жол бермеу; құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметті жүргізу; салауатты өмір салтына, физикалық белсенділікті арттыруға оң көзқарас қалыптастыру; оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділігін арттыру, құқықты түсіну, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарына тарту; оқушының кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.