12–13 сәуір күндері Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында робототехника бойынша өңірлік BILIM SHYNY – 2025 чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен 650-ден астам оқушы қатысып, техникалық шығармашылық, инженерлік ойлау және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
💡Сүйінші жаңалық!
BILIM SHYNY – 2025 техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың қалалық чемпионатында 3D модельдеу бағыты бойынша ІІ орын иеленген С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының 9 "Ә" сынып оқушысы Егемқұл Ерсұлтанды шын жүректен құттықтаймыз!
➡️ Жетекшісі – Байкенжеева Жанаргуль Кабдрашевна