Бүгін 9 “В”, “Г”, “Д”, “Е”, “Ж“ сынып оқушылары Менеджмент, бизнес және білім колледжіне барып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты.
Колледж ұжымы оқушыларға оқу орнының ерекшеліктері мен мамандықтары туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қызықты квест ұйымдастырды.
Қызығушылық танытқан жастар колледждің оқу аудиторияларын аралап, студенттік өмірге бір қадам жақындай түсті.