03.04.25 күні «ОқиДаКөр» жобасының төртінші отырысы – серіктес мектептер арасында (35МЛ,80МГ) өтті. Бұл талдауға Ұларбек Нұрғалымұлының «Қар суымен кеткен жылқы» әңгімесі алынды. Ерекшелігі сол, автордың өзі белгілі ақын, жазушы, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ұстазы – Ұларбек Нұрғалымұлы қатысты.
Талдауда қазақтың төл танымы, кісілік болмысы, ар-ұят, жауапкершілік, қазіргі джип мінген модерн қазақтар мен жылқы мінген дала қазағының болмысы талданды.
Жас ұстаздардың ой қозғауы мен сөз саптауы автордың көңілінен шықты!
«ОқиДаКөр» жобасы
