12 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының ауласында жоспарға сәйкес сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шараға 4, 5, 6-сыныптардың сынып жетекшілері мен оқушылары, дене шынықтыру, география және биология пәні мұғалімдерінен құралған бірлестіктер, сондай-ақ мектептің техникалық қызметкерлері белсене қатысты.

Сенбілік барысында мектеп ауласы тазаланып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Баршаңызға белсенділік пен жауапкершілік үшін үлкен алғыс білдіреміз!