2025 жылдың 22 сәуірінде Сәкен Сейфуллин атындағы Nº80 мектеп-гимназиясының оқушылары «Ұлттық кітап күніне» орай Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық
кітапханасына танымдық экскурсия жасады.Іс-шараны 8 «Ә» сынып жетекшісі М.Ж. Калекеева, 3 «3» сынып жетекшісі С.М. Рамазанова және мектеп
кітапханашысы С.С. Муханова ұйымдастырды.
Мақсат - оқушыларды кітапқа жақындату, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, шығармашылықпен шабыттандыру. 8-сынып оқушылары үшін арнайы «Сөз енері - өмір өрнегі»
атты шеберлік сағаты өткізілді. Қонақ ретінде журналист, «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Айсын Байтакова шақырылып, оқушыларға сахна мәдениеті мен көркем сөйлеу
өнерінің қыр-сырын үйретті.
Ал 3-сынып оқушылары кітапхана әлемімен танысып, балалар әдебиеті мен ғылыми-танымдық, кітаптар жөнінде мол мағлұмат алды. Кітапханашылармен тілдесіп, кітапты дұрыс пайдаланудың жолдарын меңгерді. Бұл шара оқушылардың әдеби-мәдени көкжиегін кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға, білімге деген ынтасын күшейтуге ықпал етті. Әр оқушы өзімен бірге әсерлі эмоциялар мен жаңа білім алып қайтты.