Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, ҰОС және тыл ардагері Полякова Тамара Вячеславовна «Ұлы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Ардагерімізді Жеңіс мерекесімен құттықтап, ел тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысымызды білдірдік. Бүгінгі бейбіт өмір – сіздей ержүрек жандардың ерлігі мен жанкешті еңбегінің жемісі.
Жасаған игі істеріңіз ел жүрегінен әрдайым орын алсын!