Оқушылардың робототехника саласына қызығушылығын, ғылымы-техникалық шығармашылық қабілеттерін арттыру, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту және кәсіптік бағдар беру мақсатында 2023 жылдың 13 мамырында Әлихан Мақсұт атындағы «РобоЗерде-2023» І қалалық робототехник фестивальі өтті. «Астана дарыны» дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығының, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «Роботэк» робототехника мектебі қолдауымен өткен фестиваль 4 санат бойынша: Шығармашылық «Робототехника, IT» (12-18 жас);
Биатлон кіші санат (10-13 жас);
Биатлон үлкен санат (14-17 жас);
«Лабиринт» (14-17 жас) өтті.
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Байкенжеева Жанаргуль Кабдрашевна жетекшілігімен мектебіміздің «ERP 80» командасы (мүшелері Джусупбек Омар Шыңғысханұлы, Мелис Ақбота Жеңысқызы) Ақылды үй «Smart Розетка» IT жобасын қорғап жүлделі ІІ дәрежелі дипломға ие болды. «ERP 80» командасына Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры атынан 50 000 теңгелік сертификат табысталды. Жеңімпаздарды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз!