Бала тәрбиесі мен білімі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп,ұстаз,ата-ананың орны бөлек. Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана. Бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу.
Осы негізде мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Бұл жолғы жиналыстың ерекшелігі –«ашық алаң» түрінде өткізілуінде. Ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімі,тәртібі жалпы мектеп өмірі, өздерін толғандырған сұрақтарын пән мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен ашық сұхбат жүргізді. Ашық алаңда ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке жолығып, «болашақ мамандық таңдау, баланың қызығушылығы неде?» сынды сұрақтарына жауап алды. Бұл жиын ата-аналардың көңілінен шықты.
Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзімен түйіндесек: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнінде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - ендеше, балам адам болсын деп ұрпағымыз үшін алаңдасақ, ең әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн.