Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті және «Менің Атамекенім» ОО «balaqorgau» 2022 жылы жобасын іске қосты. Жоба Қазақстандағы әрбір баланың қауіпсіздігі мен амандығын, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Егерде оқушы мектепте немесе үйде қиын жағдайға тап болса аталған сайттан әртүрлі жағдайда қолдануға болатын кеңестер тізімін таба алады (кеңестер ыңғайлы болу үшін тақырыптар бойынша топтастырылған) немесе бұл сұрақтарды арнайы мамандарға қоя алады. Атап айтқанда, егер бала қандай да бір жағдайға не істеу керек екенін білмесе, осы жерде берілген кеңестерді оқып шығуына болады. Кеңестермен танысқаннан кейін де өз сұрақтарыңа жауап таба алмасаң, бала бұл сұрқтарды тікелей кеңесшіге қоя алады. Сұрақты қалдырғаннан кейін онымен кеңесші өзі хабарласады. Кеңесшімен әңгімелесу жеткіліксіз болса және бала мәселені шешу үшін қандай да бір әрекеттерді орындау қажет болса, бұл жағдайда да оған қажетті көмек түрі көрсетіледі. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен ата-аналардың сайтқа кіріп, қажетті қызметін алуына қолайлы болуы үшін, мектепке кіре берісіне, көрнекі жерге сайттың QR-коды ілінген.