«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында С.Сейфуллин атындағы №80 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кедесуге Сарыарқа ауданы полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары полиция капитаны Қайырбекова А.Е. және полиция капитаны Айтбек Э. қатысты.
Қазіргі уақытта елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көлікте жүретін жолаушылар саны да күн санап көбюде. Осыған орай көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделенуде және жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Осыған байданысты, жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Өкінішке орай жол-көлік оқиғаларының зардабынан балалар көптеп зардап шегуде. Оның себебі – көптеген оқушылар Жолда жүру ережелерін әлі де болса сақтамайды және нашар біледі. Міне, осы мақсатта 2023 жылғы 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында жол жүру ережелерін сақтауға арналған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп отыр. Бұл іс-шара балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда жүріп-тұру ережелерін сақтауға тәрбиелеуге бағытталған.