06.10.2022 ж. С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Байкенжеева Жанаргүл Қабдрашқызы және оның оқушылары Мелис Ақбота, Джусупбек Омар, Диханбай Айсұлтан «Хабар» арнасының «Оян!» атты бағдарламаның тікелей эфиріне қатысты.
Бұл бағдарламада «Робототехника саласының қарқынды дамуы» тақырыбы төңірегінде әңгіме өрбіді.
Жанаргуль Кабдрашевнаның бұл эфирге шақырылу себебі: оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау кезінде бірнеше жыл *ІТ саласындағы жаңалықтары да, жетістіктері де көп болғанында.*
Бағдарлама басында мектеп-гимназия қабырғасында «Робототехника» үйірмесінің жанданып жатқанын және оқушылардың жеткен жетістіктерін бейнебаянда көрсетіп, жүргізушілер осындай жетістікке қалай қол жеткізгендерін сұрап, оқушылардың өздерін сөзге тартты. Диалог барысында оқушылар ІТ саласында қалалық, республикалық, халықаралық байқауларда түрлі жобалармен қатысқандарын айтып, өз қолдарымен жасап жатқан жаңа жобаларымен таныстырды. Айсұлтанның жобасы - әлі зерттелмеген тақырып, «Ұлттық музыкалық аспаптардың 3 Д модельдері» деп аталады. Ақбота мен Омардың бастап жатқан жаңа жұмыстары - «Адам қабілеттеріне ие болған Гуманоид робот». Балалар бұл жобаның неден бастағанын және оның қандай пайдасы болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Бағдарлама соңында жүргізушілер бұл жобалардың жаңашылдығына, оқушылардың ізденімпаздығына таңдана қарап, жаңа байқауларда сәттілік тілеп, оларға жаңа жобалармен тағы эфирге шығуларын сұрады. #IT #робототехника #ERP80 #80мектепгимназия #хабарарнасы #оянбағдарламасы
@zhuldyzabdukarimovaofficial
@khabartv