Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына саяхат жасап, ел тарихының маңызды кезеңдерімен танысты.
🔹 Бұл танымдық және тәрбиелік шараның мақсаты: – ҚР Президенттік институтының құрылу тарихын зерделеу;
– Мемлекет басшысының қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі туралы түсінік қалыптастыру;
– Елге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайту.
🕊️ Мұндай сапарлар – оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бағалауға жол ашады.