2023 жылғы 24 қаңтарда С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер бойынша аға офицері Кенебаева Алмагүл Ерсінқызымен кездесу өтті. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесу барысында спикер оқушыларға моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі, әрбір азаматтың моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты екені туралы айтты. Жастарды сыбайлас-жемқорлық көріністеріне риясыздық рухында тәрбиелеуде жіберген кемшіліктер мен қателіктер ауыр салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың араны мен арсыздығы, қылмыстық әрекетінің салдары моральдық құндылықтарды жояды және адамгершілік ұстанымдарды әлсіретеді. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық нормаларды сақтау қоғамның қажетті шарттарының кешенін құрайды. Онсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары пәрменді бола алмайды.