Мектеп медиациясы қызметін дамыту мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы 4 қазаны мен 29 қарашасы аралығында №26 мектеп-гимназиясының базасында «Татуласу мектебі: тең - теңімен» ерікті медиаторларды оқытудың авторлық бағдарламасын іске асырды. Бағдарлама авторы, қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, социология ғылымдарының докторы, профессор Тесленко Александр Николаевич 2 айға жуық уақытта қала мектептерінен іріктеліп алынған болашақ жас медиаторларға дәріс өтті. С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп гимназиясынан 4 оқушы аталған оқу курсын табысты аяқтап, ерікті-медиатор куәлігіне ие болды. Алдағы уақытта ерікті медиаторлар оқушылар арсында орын алған шиленістерді медиациялық келісу жолымен реттеу бойынша келелі жұмыстар күтіп тұр. Олай болса «іске сәт» құрметті жас ерікті-медиаторлар!