Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Nº80 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Патриот» айлығы аясында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жеңіс өлеңдері» атты поэтикалық интернет-акция өтті. Бұл тағылымды шараның мақсаты - Отан үшін жанын қиған батырларды еске алып, ардагерлерге тағзым ету, жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген патриоттық сезімді ояту.
Оқушылар соғыс тақырыбындағы қазақ ақындарының жырларын жатқа оқып, өздері шығарган журекжарды өлеңдерін де бөлісті. Мұндай рухани-мәдени акциялар жас буынға
өткеннің тағылымын жеткізіп, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.
"Жеңіс өлеңдері" - жүректен шыққан рухты жырлар!
