2022 жылғы 4 қараша күні С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның мәжіліс залында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың басты мақсаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңың талаптарын түсіндіріп өту және осы заіның талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы келгендерге жеткізу болды. Жиналысқа қатысқан Сарыарқа ауданының Полиция басқармасының ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Балтабаев Сырымбет Ардақұлы және ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Қайырбекова Айсұлу Ерғалиқызы ата-аналарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 50-бабы (Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 114-бабы (үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 150-бабы (сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау) талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.